ТЕХФЕН ЖОБАСЫ № 361
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ: Теңіз, Атырау; Қазақстан
ТАПСЫРЫС БЕРУШІ: "ТеңізШевройл» ЖШС
МЕРДІГЕР: Гате Констракшн
БАСТАЛУЫ: 01/01/2021
ЖҰМЫС БАРЫСЫ: 31/03/2023
Жоғары қысым мен жоғары температурада газды айдау бойынша жұмыстардың көлемі (14" салмақ=57,5 мм) және қысымы мен температурасы жоғары емес газды айдау жұмыстарының көлемі (18" және жоғары).
Бұл жұмыс көлемі 11 құбыр жолдарын, жоғары қысым мен жоғары температуралы (HPHT) газды айдаумен байланысқан 5 жүйені және FGP-WPMP жобасы үшін 6 "кәдімгі" құбыр желісін қамтиды.
HPHT құбыр жолдары шамамен алғанда, қалыңдығы 14 "x 57,5 мм 29,2 км құбырдан тұрады. X60 (жерасты) және F22 (жерүсті) дәнекерлеу жүргізіледі.
Кәдімгі құбыр жолдары шамамен алғанда, 37,8 км құрайды және олардың өлшемі (диаметрі) 18" бастап, 26" мм дейін болады.
Құбыр жолдарын салумен байланысты жұмыстар, келесі жұмыстарды қоса, бірақ олармен шектелместен: құрылыс жұмыстары (ор қазу, 93 бетон теңдеуші ілмек, 20 анкерлі блок, құбырларға арналған жерүсті тіреуіштер), бұру жолдарына қызмет көрсету, құбырларды тасымалдау, ішектерді байлау, құбыр шеттерін ойымдау, дәнекерлеу, PWHT, NDE, жабын төсеу, құбырға тензометриялық жабдықты орнату, құбырға түсіру, 714 орсыз және ашық өткелдер, кері толтыру, өлшеу, тазалау, гидросынақ, желіні тексеру, кептіру, азотпен үрлеу, бұру жолдарын қалпына келтіру және жүйелер құрылысын аяқтау жұмыстары осы жұмыс көлеміне кіргізілуі тиіс.