Please enable JS

Компания

ГАТE KZ туралы

Иншаат Таахют Санайи ве Тиджарет ГАТЕ АҚ Текфен Иншаат ве Тесисат Аноним Ширкети компаниясының филиалы болып табылады. Саладағы 65 жылдық табысты жұмыс тәжірибесі Текфен Иншаат ве Тесисат Аноним Ширкети және Иншаат Таахют Санайи ве Тиджарет ГАТЕ компанияларының ең құнды активтері болып саналады.

Иншаат Таахют Санайи ве Тиджарет ГАТЕ АҚ компаниясының негізі 2002 жылы Стамбул қ. қаланды.

Қазақстан Республикасында ГАТЕ өз жұмысын 2003 жылы Атырау МӨЗ-ын қайта құру жобасынан бастады. Иншаат Таахют Санайи ве Тиджарет ГАТЕ АҚ-ы ҚР-да жобалық, құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда 1 топ лицензия иесі болып табылады. «Командалық жұмысқа» нық сенім білдіре отырып, «тұрақты жетілдіру» арқылы ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 бойынша сертификатталған компания ретінде ГАТЕ ең жоғары сапа стандартын ұстанады.

ТЕКФЕН КОНСТРАКШН ҚҰРЫЛТАЙШЫ КОМПАНИЯСЫ


«Текфен Иншаат ве Тесисат Аноним Ширкети» 1956 жылы негізі қаланған инжиниринг-консалтинг компаниясынан бастау алады, ол бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғауға қамқорлық көрсете отырып, күрделі жобаларды орындайтын жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Бизнесті басқару жүйесінің негізінде алпыс жылдан астам компанияның тұрақты өсуін қамтамасыз етіп отырған, әлемдік сапа стандартына ымырасыз шынайы берілуі жатыр.

Түркияда құрылыс саласындағы өзінің ірі жетістіктерінің арқасында Таяу Шығыста, Солтүстік Африкада, Кавказда, Орталық Азияда, Орталық және Шығыс Еуропада «Текфен Иншаат ве Тесисат Аноним Ширкети», «Текфен Холдинг Аноним Ширкети» еншілес компаниясы халықаралық деңгейдегі беделді мердігер атағына ие. Компания қызметінің кең шоғыры әртүрлі саладағы: азаматтық құрылыс жобаларынан бастап, мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарына дейінгі, серіктес қалалардан бастап, ірі өндірістік қайта өндіру кәсіпорындарына дейінгі және теңіз ғимаратынан электр станцияларына, электрлік және коммуникациялық жұмыстарға дейінгілерді қамтиды.

«Текфен» өзінің еншілес компанияларымен және стратегиялық серіктестерімен ынтымақтастықта бола отырып, бүкіл дүниежүзінде клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсыну әлеуетіне ие.

ISO 9001: 2015, ISO 14001: 2015, ISO 45001: 2018 және ISO 27001: 2013 стандартына сәйкес сертификаты бар компания ретінде «Текфен» «командалық жұмысқа» нық сенім білдіре отырып, «үздіксіз даму» арқылы тұрақты жетілдіру мен сапаның өте жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтылып, қоршаған орта мен денсаулықты қорғау мәселелеріне басым назар аударады.

ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫ

  • Сорғы бекеттері
  • Өндірістік ғимараттар
  • Мұнай базалары
  • Мұнай-химия зауыттары
  • Электр бекеттері
  • Су қоймалары
  • Теміржолдар
  • Тазалау ғимараттары
  • Көпірлер
  • Автомобиль жолдары
  • Кемежай базалары
  • Үңгіржолдар
  • Сауда орталықтары
  • Әуежайлар
  • Болат құрылымдарды жасау
  • Әскери ғимараттар
  • Құбыр жолдары
img
img
img
img
img
img

Басшылық

img

МУСТАФА ШАХИН КОПУЗ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
img

SERHAT PÜTÜRGELİ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
img

БЮЛЕНТ КАРАКА

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Гате Констракшн