Please enable JS

Мансап

Мансап / Еңбек ресурстары Еңбек ресурстарын басқару саясаты

Біздің компанияның мәдениеті өзара түсіністікке және этикалық құндылықтарға негізделеді, ал ол біздің еңбек ресурстарын басқару саясатының кілті болып табылады.

Біздің мақсатымыз – өте құзыретті үміткерлерді жұмысқа орналастыру және олардың оқуына мүмкіндік беру, бұл олардың бізге қажетті білімдері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Біздің мақсатымыз – қауіпсіз жұмыс ортасын құру үшін еңбек ресурстарын басқарудың халықаралық стандартын қолдану, компаниямыздың тұрақты өсуін қаматамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды жұмысқа тарту.

Мансап пен жұмысқа орналастыру мүмкіндігі

Сіздің өтінішіңіз қарастырылуы үшін төменде көрсетілген электрондық поштаны қолдануыңызды өтінеміз: hr@gatekz.com. Барлық өтініштерді ГАТЕ құпия түрде қарастырады.

Жалдау үдерісі біз сіздің түйіндемеңізді алған сәттен басталады. Ең алдымен сіздің біліміңіз бен жұмыс тәжірибеңіз бағаланады және бос орындар лауазымының талаптарымен сәйкестендіріледі.

Егер түйіндемеңізде көрсетілген ақпарат пен біліктілік бос орындар лауазымының талаптарына сәйкес келсе, сізбен байланысып, бетпе-бет кездесуге шақырады.

Ағымдағы бос орындар лауазымының талаптарына сәйкес келмейтін түйіндемелер біздің деректер қорында болашақта бос орындар болған жағдайлар үшін сақталып тұрады.

Үміткерлермен, тек біліктілігі ұсынылған талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана, хабарласады.

Сізбен хабарласқаннан кейін біздің қызметкерлер жөніндегі мамандар үміткерлермен құрылымдық әңгіме жүргізеді. Әңгіме қорытындысы үміткерлердің электрондық поштасына жіберіледі.

Қызығушылық танытқаныңызға алғыс білдіреміз.