Please enable JS

Сапа, ҚТДС және ҚОҚ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

Біздің мақсатымыз

ГАТЕ стратегиялық мақсатының негізінде үнемі жетілдіру, клиенттер мен салымшылардың болжамына сәйкес келу арқылы алға ұмтылу, сондай-ақ қызметкерлер, үшінші тұлғалар, мүлік пен қоршаған орта үшін өз жұмысы нәтижесінде болуы мүмкін залалдарды барынша азайтуға тырысу жатыр.

Біздің міндеттемелер

ГАТЕ өз қызметін жүзеге асыру барысында, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластануының алдын алу үшін барлық мүмкіншіліктерді ескере отырып, клиенттердің қажеттіліктерін әрдайым қамтамасыз етеді және өзінің корпоративтік саясатының аясында өте тиімді әдістемелерге сәйкес әрекет етеді.

Біздің қағидалар

ГАТЕ саламатты және қауіпсіз жұмыс ахуалын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға және төменде келтірілген қағидаларға сәйкес әрекет етуге міндеттенеді:

  • Барлық ұйымдастыру деңгейінде қоршаған орта мен қауіпсіздік, денсаулық үшін жауап беру және өз жұмыскерлеріне қатысты сәйкес заңнаманы, нормаларды, стандарттар мен талаптарды сақтау,
  • Ықтимал апатты жағдайларды анықтау және апат туындаған жағдайда дайындық шараларын қабылдау,
  • Жазатайым жағдайлардың, жарақаттардың және кәсіби аурулардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау,
  • Энергияны тұтынуды азайту арқылы қоршаған ортаны қорғау,
  • Қалдықтарды өндіруді қысқарту және оларды қайта пайдалануға және өңдеуге қолдау көрсету,
  • Әділдікті, парасаттылықты, шынайылық пен корпоративтік адалдықты бағалау,
  • Адамның құқықтық қағидаларын, этникалық және мәдени құндылықтарын құрметтеу,
  • Клиенттердің арыз-шағымдарын азайту, жөндеу жұмыстарының шығындары мен қосымша шығындарды азайту үшін жұмыс істеу,
  • Жаңа технологиялардың дамуына сәйкес, басқару жүйелерін жетілдіру, жұмыста икемділік таныту.
  • Қауіпсіз емес жұмысты тоқтатуға байланысты қызметкерлер уәкілдігі мен жауапкершілігін жете түсінуге және қабылдауға көмектесу, ҚТДС және ҚОҚ стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Бірінші кезекте қауіпсіздік!
img
img
img
img
img